Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасының Әнұраны 2006 жылдың 7 қаңтарынан бастап мемлекеттік мәртебеге ие болу дарежесіне сәйкестендіретін өзгерістер енгізілгеннен кейін атақты болған, 1956 жылда жазылған «Менiң Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні болды. Әннің мәтініне өзгерістерді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев енгізгендіктен мәтіннің соавторы ретінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, Әнұранды тыңдау ережесі өзгертілді. Ресми жиындарда Әнұран орындалу барысында тыңдаушылар тұрып, оң қолының алақанын көкірегінің сол жағына қояды.

Музыкасы: композитор Шәмші Қалдаяқовтікі,
сөздері: Жұмекен Нажімеденовтікі (1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005).

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныАлтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

 

Әнұранды көшіріп алу (mp3 форматта)