Тәлеев Д.Ә., Астана қаласы, Мамыр 13, 2012 г. Құрметті Болатбек Дүйсенбекұлы! Мен Тәлеев Дөкей Әбдікерімұлы. Астанада Еуразия ұлттық университетінің доцентімін. Мамандығым тарихшы-археолог. Кандидаттық диссертациямды "Келес өңірінің ортағасырлық археологиялық ескерткіштері" деген тақырыптағы зерттеулер негізінде қорғаған болатынмын. Қазір ортағасырлық қалалар мәселесімен айналысамын. Отрар, Сауран, Қараспан, Сарайшық, Тараз секілді қалаларды қазуға қатысқанмын. Біздің ауданның тарихы тереңнен басталады. Сол тарихтың құпиясын бауырына бүркеп жатқан археологиялық ескерткіштер. Кезінде Ұлы Жібек жолының Шаштан Сайрамға қарай апаратын бөлігі де осы аудан арқылы өткен. Сол жолдың бойында Газгерд, Кұбал секілді қалалар болғаны жазба деректерде айтылады. Қазіргі кезде аудан жерінде Төрткүлтөбе, Тұрбат, Күлтөбе, Қаратөбе, Атынтөбе, Сынтас, Әулиетөбе секілді қалашықтар сақталған. Солардың барлығы да Жібек жолының біздің аудан арқылы өтетін бөлігінде тізбектеліп орналасқан. Өткен жылы қызымет бабымен Өгем, Қаржантау жағын аралап, Тұрбат, Шарбұлақ кенштеріне соққанмын. Көптеген ескерткіштердің шаруашылық жұмыстары мен құрылыс салу салдарынан талқандалып жатқанын көріп қатты қиналдым. Олардың тарихи ескерткі екені жайлы жергілікті басқару орындары бейқабар. Содықтан да көне қалалар мен елді мекендердің үстіне үй салып, топырағын құрылысқа алып, үстіне агорот егіп жатқан жағдайларға куә болдым. Соларды қазбасақ та жойылудан қорғау, келешекке сақтау дұрыс болар еді. Осы мақсатта менде сізге бір ұсыныс айтайын. Аудан көлеміндегі барлық ескерткіштерді есепке алып, олардың атауы мен орналасқан жері, коррдинаттары жайлы жазылған арнайы жинақ шығарсақ. Сол жинақты ауданның ауылдық округтеріне таратып беріп, сондағы бар ескерткштерді қору, қорғауды тиісті кісілерге тапсыруға болар еді. Менің осы ұсынысым көңіліңізге қонса аудан көлеміндегі ескерткіштерді түгелдей құжаттап, арнайы жинақ етіп шығаруды өз қолыма алар едім. Өзіңізден осы игі істің далалық зертеу, ескерткіштерді құжаттауды қаржыландыру жағын ойластыруды өтінемін.
Хат иесі Д.Ә. Талеев. 13.05.2012 ж.
Сара, қазығұрт ауданының тұрғыны , Мамыр 11, 2012 г. Құрметті аудан әкім!і Өзініз көпті көрген, елді басқарып отырған үлкен азаматсыз! Сіздің атыңызға кір келтіріп жүрген азамат бар Байсейіт Жадігеров деген. Аудан әкімшілігінде қандай қызмет атқарады? Сол кісі мектепке келе жатыр дегеннен бастап мұғалімдерден ақша жинай бастайды Жадігеровке береміз деп. Не сонда Жадігеров мектептерге акша жинау үшін келеді ме? Біздің де бала шағамыз бар. Соған берген ақшаға бала-шағаға тамақ алсақ болмайды ма? Б.Жадігеровтің қызметіне тексеру жүргізуіңізді сұранамын. Себебі ол кісі Сыбайлас жемқорлыққа жол беріп жүр? Мектепке келгенде аузына ақ ит кіріп көк ит шығады. Енді нақтырақ жазғаным ұят болар этика, эстетиканы сақтау керек. Қандай қызметкер болсын ол қалтаң-қалтаң етіп алып сөздері жаман? Осы жагдайды 2012 жылы 17 акпанда Алиев Тұманбектің атына да жазып едім, жауап жок ешандай, Неге? Жауабын Кыстауов Мырза сізден күтеміз!
Ердаулет, Алматы қаласы, Сәуір 24, 2012 г. қақпақ ауылына табиғи газ жіберілмеіді?
Құсшы, Қазығұрт, Наурыз 1, 2012 г. Ассалаумалейкум, Тұманбек Сүйінбайұлы! Менің сауалым мынадай, Алтынтөбе ауыл округіне қарасты Қаржан ауылында "Қаржан" жалпы орта мектебі бар. Осы мектептің атауын Төле би бабамыздың атына берілсе қалай болады? Төле би бабамыздың атында ауданымызда мектеп, не басқа да маңызды нысан атауы жоқ. Демек, ономастикалық заңдарға қайшылық келтірмейді. Тарихи деректерде Төле би бабамыз өмірінің соңғы бөлігін Қазығұрт тауының етегінде, Шарапхананың жоғарғы жағындағы Қаржан өзенінің жағалауында өткізгені туралы айтылады. Бұл қазіргі Қаржан ауылы орналасқан жерге сәйкес келеді. Демек, Төле бабамыздың өзінің өмірінің соңғы сәттерін өткізген жерде, елде өзінің атымен аталатын нысанның тұруы заңдылық деп ойлаймын. Әрі өскелең ұрпаққа тамаша тәрбие құралы бола алар еді.
Ответ: Сіздің берген сауалыңыз өте орынды. Қаржан ауылындағы «Қаржан» жалпы орта мектебінің атауын сол кездегі ауыл тұрғындардың ұсынысымен қойылған екен. Сол себептен бұл ұсынысыңыз ономастикалық комиссияға тапсырылатын болады.
Жауап берушы: Аудан әкімі Атқарушы: Б.Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Бахытжан, Шымкент, Ақпан 27, 2012 г. Аудан шаруашылықтарына қызмет көрсететін машина технологиялық станциялары жөнінде мәлімет беруіңізді сұраймын.
Ответ: Қазығұрт ауданы бойынша 2003ж.-«Қазығұрт МТС» ЖШС,1988ж.- «Тұрбат МТС» ЖШС, 1998ж.-«Тұлпар МТС» ЖШС, 1988ж.-«Қызылқия МТС» ЖШС. және 1999ж.- «Басқұдық МТС» ЖШС-лары құрылған.
Рабат ауыл округінде «Басқұдық МТС» негізінде «Айқожа» ЖШС және Қазығүрт елді мекенінде «Қазығұрт МТС» ЖШС негізінде «Амангельді»ЖШС ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу жұмыстарын жүргізеді және агроқұрылымдарға келісім шарт арқалы жер жырту,өңдеу, егіу және ору жұмыстарын атқарады.
Жауап берушы: Аудан әкімі Атқарушы: Б.Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Асилбаева Мөлдір, Қазығұрт ауданы тұрғыны, Ақпан 21, 2012 г. Саламатсызба Тұманбек аға. Мен Қазығұрт ауднанының тұрғынымын. Мен 2010 жылы Алматы қаласында ЖОО бітіргенмін. Қазірде жұмыссызбын. Мамандығым география мұғалімі және географ маманы. Мектептерге жұмыс мәселесі бойынша барсан бос орындар жок деп кайтарады немесе ақша арқылы шешіледі. Мен өз туылып өскен жерімде мамандығым бойынша жұмыс істегім келеді. Осы мәселе бойынша жәрдем берсеңіздер деймін. Мамандығым бойынша бос орынға орналастырып берсеңіздер. Рахмет!
Ответ: Құрметті Асилбаева Мөлдір! Сіз аудандық білім бөліміне барып, құжаттарыңызды кадр бөліміне тіркетуіңіз керек. Аудандық білім бөлімі жыл сайын мектептерден келген бос орындарға тамыз айында еңбек жәрмеңкесін өткізеді. 2011 жылы өткен еңбек жәрмеңкесінде 28 мұғалім жұмысқа орналасты. География пәнінен бос орынға сұраныс келген жағдайда сіз еңбек жәрмеңкесіне қатысып, жұмысқа орналасуға мүмкіндігіңіз бар.
Жауап берушы: Аудан әкімі Атқарушы: Б.Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Елтаев Б.С., Шымкент, Ақпан 16, 2012 г. "Ауыз су" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қандай жумыстар атқарылды?
Ответ: Қазығұрт ауданында 2011 жылы таза су бағдарламасы бойынша Қазығұрт ауылы С.Кемелов, С.Ерубаев, Жанкелдин, Ы.Алтынсарин, Келес(Тупик), Қонаев (Тупик-1), Қонаев (Тупик-2), М.Ауезов көшелеріндегі су жүйелерін, Жаңабазар ауылындағы Ақабаев атындағы көшесіндегі, ХХ жылдық ауылы Қожамберді атындағы көшесіндегі, Көкібел, Бақабұлақ ауылдарының су жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізілсе, Қақпақ, Қазығұрт ауылдарындағы су резервуарлары және Еңбекші, Қақпақ ауылдарының су жүйелері ағымдағы жөндеу өткізілді.
Сонымен қатар Тұрбат ауыл округінің орталығы, Өндіріс елді мекені және Жаңабазар ауыл округінің Үлгілі елді мекендеріне жаңадан ауыз су құрылысы жүргізілді.
Жауап берушы: Аудан әкімі Атқарушы: Б.Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Үшкемпіров бахыт, Алматы қаласы, Ақпан 15, 2012 г. "Қазығұрт" ауданында жалғыз ғана кәсіптік лицей бар. Ал сол жалғыз кәсіптік лицейдің ресми сайты да жоқ, ұят тірлік емеспе ол? Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой !
Ответ: Құрметті Үшкемпіров Бахыт! Сіздің айтқан ұсынысыңыз ойланатындай екен. Кәсіптік лицейдің электронды мекен-жайы бар болғанымен, ресми сайты жоқ екені анықталды. Осыған орай шұғыл түрде сайттың ашылуына тапсырма берілді.
Жауап берушы: Аудан әкімшілігі Атқарушы: Б. Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Миырман, Казыгурт ауылы, Қаңтар 10, 2012 г. Құрметті аудан әкімі! Менің сізге қоятын сұрағым мынадай: Қазығұрт ауданы әкімшілігіне қарасты мемлекеттік мекемеде келісім шарт негізінде 3,7 айдан бері қызмет атқарып келемін. Жылда еңбек демалысына шыққан кезімде маған 1 (бір) айлық леч пособия төленбейді? Неге келісім шарт негізінде қызмет істейтін азаматтарға 1 айлық леч пособия не себепті берілмейді? Аудандық қаржы бөліміндегі келісім шарт негізінде қызмет істейтін азаматтар не үшін алады?
Ответ: Сұрақ қойып отырған қызметкер азаматтық қызметкер болып табылатын болса, онда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 239-бабына сәйкес Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Берілген сұрақта кім болып істейтіні жазылмағандықтан сұрақ берген азаматтың азаматтық қызметке жату-жатпауын анықтау мүмкіндігі болмай отыр.
Жауап берушы: Аудан әкімі Атқарушы: Б.Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Зулфия, Шарапхана ауылы , Қаңтар 5, 2012 г. Шарапхана ауыл округіндегі емхананың бас дәрігері Жамал аудандык маслихаттың депутаттығына түскеніне байланысты, кол астындағы қызметкерлерден 10 мың теңге талап еткені дүрыспа? Не үшін талап етеді? Бермесендер айлықтарыңнан ұстап каламын дейді? Ақшасы жоқ болса несі бар депутаттыққа түсіп, көргенсіз!
Ответ: Қазығұрт аудандық емханасына қарасты «Қаратас» ауылдық емхананың жалпы жиналысында аға дәрігер Ж.Атамбекова «қоластындағы қызметкерлерден 10 мың теңге талап еткендігі жөніндегі» хабар талқыланды.
Жиналыстың қорытындысы бойынша «Қаратас» ауылдық емхананың аға дәрігері Ж.Атамбекова сайлау алдындағы саяси науқанды пайдаланып, ар ожданына нұқсан келтіру мақсатында жазылған сұрақ жалғандығы анықталды. Осы мәселенің жалған екендігін емхана қызметкерлері де растап отыр.
«Қаратас» ауылдық емхананың аға дәрігері Ж.Атамбекова өз түсінігінде өз ұжымынан 10 мың теңге сұрады деген жалған ақпараттың таралуы саяси науқан кезіндегі аяқтан шалу ғана деп көрсеткен.
Жауап берушы: Аудан әкімі Атқарушы: Б.Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Абдалиев M, Шарапхана а/о Маханбет ауылы , Желтоқсан 15, 2011 г. Алдағы уақытта болатын сайлауға М.Өтемісұлы мектебінің қызметкері Қасымбек Кенжалы Қазығұрт ауыл округі әкімі қызметінде жүрген уақытында жер сатумен айналысып парамен ұсталган азамат. Қалайша сайлау комиссиясының төрағасы бола алады? Комиссия төрағасын ауыстыруға болады ма?
Ответ: Қазығұрт ауданындағы сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидаттарды Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті арнайы тексеруден өткізген. 2009 жылғы 16 сәуірдегі тексеру қорытындысы бойынша Қасымбек Кенжалы Мақұлбекұлы сотталмаған.
Жауап берушы: Аудан әкімі Атқарушы: Б. Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Марат , Шарапхана а/о Маханбет ауылы (Астана каласы) , Желтоқсан 5, 2011 г. Маханбет ауылының ішкі жолдары ойылып, мектепке баратын окушылар киналуда? Сізден сұранатынымыз жолға асфальт немесе шағал төсеуге ықпал жасауыңызды сұранамын?
Ответ: Ауданның индикативтік жоспарына сәйкес Шарапхана ауыл округі М.Өтемісұлы елді мекенінің ішкі 3,5 шақырым автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары 2013 жылға жоспарланған.
Жауап берушы: Аудан әкімі Атқарушы: Б. Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Серікбаева Мөлдір, Ш. Уалиханов, Желтоқсан 3, 2011 г. Салеметсіз бе? Қазығұрт жайлы мәлімет өте аз. Керемет жерлері көп қой. Неге бул сайтта білім мен денсаулық сақтау саласы толық емес. Қазығұртта қанша мектептер бар, аурухана бар солардың фото галереясын неге жасамасқа?
Ответ: Ауданымыздың сайты жаңадан қайта жасалынғанына байланысты суреттер енді енгізіліп жатыр.
Білім саласы
Аудандық білім бөліміне қарасты 72 мектептің 52-сі жалпы орта, 9-ы негізгі орта, 11-і бастауыш мектеп. 2011-2012 оқу жылынан бастап «Тілектес» негізгі орта мектебі жалпы орта мектепке айналдырылды. Аудан мектептерінде 25776 оқушы білім алуда.
Мектептер желісі:
Қазақ тілінде – 24252 оқушы;
Өзбек тілінде – 1136 оқушы;
Орыс тілінде – 388 оқушы білім алуда.
Мектептердің 66-сы қазақ тілінде, 1-і өзбек тілінде, 5-і аралас тілде білім береді.
Білім беру ұйымдарында 3064 педагог кадр жұмыс атқарады. Оның 453-і – жоғары санатты, 949-ы – бірінші санатты, 855-і – екінші санатты, 807-сі – санаты жоқтар. 2011 жылы 579 мұғалім Шымкент қаласында біліктілігін арттыру курстарынан өтсе, 283 мұғалім облыстық, республикалық деңгейдегі көшпелі аймақтық ақылы курстарда біліктілігін арттырды. 2011 жылы 6 облыстық, 54 аудандық семинарлар өткізіліп, 24 мұғалімнің озат іс-тәжірибесі және 9 әдістемелік кабинет әдіскерлерінің әдістемелік нұсқаулықтары кітапша болып аудан, облыс көлемінде таратылды.
8 мемлекеттік балабақшада 1225 бала және 2 жекеменшік балабақшада 85 бала, 42 мектеп жанындағы шағын орталықта 92 топта 1841 бала, барлығы 3151 бала мектепалды даярлықпен қамтылып, бұл көрсеткіш 48,8 пайызды құрады. 2011 жылдың соңына дейін тағы 2 мемлекеттік балабақшаға 150 бала және 1 жекеменшік балбақшаға 50 бала тартылады. Барлығы 10 мемлекеттік және 3 жекеменшік балабақшада 1510 бала, 42 мектеп жанындағы шағын орталықта 92 топта 1841 бала, барлығы 3351 бала мектепке дейінгі ұйымға қамтылып, бұл көрсеткіш 51,9 пайызды құрайтын болады.
Бүгінгі таңда аудан мектептерінде 51 қашықтан оқыту, 19 химия, 30 биология, 31 физика және 42 мультимедиа кабинеттері жұмыс істейді. 23 мектеп интернеттің кең жолақты желісіне қосылған. 2011 жылы 6 мектепке республикалық бюджеттен 32 468,0 мың теңгеге лингофон-мультимедиалық кабинет, 4 мектепке 16280,0 мың теңгеге биология кабинеті алынды.
Білім мекемелеріне демеушілер есебінен 12 дана, жергілікті бюджет есебінен 26 дана, облыстық бюджеттен 100 дана компьютер алынды. Аудан мектептерінде 1581 компьютер бар.
Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында мектептер арасында өзара оқулық алмасу жүргізіліп, мектеп кітапханаларындағы артық оқулықтар мұқтаж оқушыларға таратылып берілді. Республикалық трансферттен 2010 жылы 13523,0 мың теңге, 2011 жылы 13522,0 мың теңге қаржы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға, оқушылар мен мұғалімдер 100 пайыз қамтамасыз етілді.
2011 жылы 100-125 балл аралығындағы жоғары көрсеткішке 475 оқушы (32,2 %) жетті. 730 мектеп бітіруші мемлекеттік білім беру гранты иегері атанып, жоғары оқу орындарына түсті. Бұл нәтиже бойынша облыста аудан 2-ші орында.
Аудан көлемінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын талапқа сай ұйымдастыру мақсатында 65 мектепте сауықтыру алаңдары 1маусым – 2шілде аралығында 2 кезеңде жұмыс істеді, оның ішінде 16 мектепте тамақпен 1500 бала, 49 мектепте 10380 бала тамақсыз, барлығы 11880 оқушы жазғы сауықтыру демалысына қамтылды.
Сонымен қатар «Атбұлақ» жалпы орта мектебі жанындағы «Шапағат» сауықтыру лагеріне жергілікті бюджеттен 5600,0 мың теңге қаржы қаралып, 10 маусым – 10 тамыз аралығында 4 кезеңде аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік тұрмыс деңгейі төмен отбасыдан шыққан 400 бала демалдырылып, аудан бойынша демалыстың барлық түрімен 21850 оқушы (93%) қамтамасыз етілді.
Жастарды жаңа бастамаларға үйрету, кәсіпкерлікке шыңдау – бүгінгі күннің басты талабы. 58 білім беру мекемелерінің жанынан тамшылатып суғару әдісімен шағын жылыжайларды салу жұмыстары толығымен аяқталып 2010 жылу пайдалануға берілді. Құрылыс материалдарына жұмсалған қаржы демеушілер есебінен салынған.
Білім саласындағы жылдың үздік номинация иегерлері анықталып, бағалы сыйлықтармен мараптталды. «Үлгілі мектеп» номинациясының иегері Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицейі жеңіл автокөлікпен, «Үздік мектеп директоры» номинациясының иегері Абай (Шанақ) атындағы жалпы орта мектебінің директоры А.Найманбай кеңселік жиһазбен, «Үздік мұғалім» номинациясының иегері «Болашақ» мектеп-гимназиясының мұғалімі Ш.Байжарқынова түрлі-түсті плазмалық теледидармен, «Жылыжай-2011» номинациясының иегері «Қазығұрт» жалпы орта мектебі түрлі-түсті плазмалық теледидармен марапатталды.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан көлемінде денсаулық сақтау мекемелер саны жалпы – 59
Олар:
Аудандық орталық аурухана - 1
Аудандық емхана - 1
Ауылдық аурухана - 4
Ауылдық емхана - 3
Дәрігерлік амбулатория - 11
Фельдшерлік аккушерлік пункт - 25
Медициналық пункт - 12
Жедел жәрдем стансасы - 1
Туберкулезге қарсы емдеу ауруханасы - 1
Аудан емханаларында 118-дәрігер, 442 мейірбике, 306 басқа да қызметкрелер жұмыс атқарады. Аудан емханасында бірнеше диагностикалық аппараттардың түрлері бар. Атап айтсақ флюорорентген, маммографиялық аппараттар, зертханада ИФА аппарат, УЗИ, ФГДС (жүрек және ішкі ағзалар түсіруге арналған) ЭКГ және көз тексеруге арналған аппараттар бар.
Жауап берушы: Аудан әкімі Атқарушы: Б. Артықбаев Байланыс ақпараты: 2-27-89
Аты-жөніңыз, Мекен-жайыңыз, Наурыз 4, 2011 г. Сауалыңыз
Ответ: wewerwerwer
Жауап берушы: werwer Атқарушы: werwer Байланыс ақпараты: werwer
Аты-жөніңыз, Мекен-жайыңыз, Наурыз 4, 2011 г. Сауалыңыз