|
|
Қазығұрт ауданы білім бөліміҚазығұрт аудандық білім бөлімінің атқарған жұмыстарының мәліметі Ауданда 72 мектеп, оның ішінде: 51 жалпы орта мектеп, 10 негізгі орта мектеп, 11 бастауыш мектептер жұмыс істейді. Биылғы жылы Қызылата елді мекенінен құны 200 млн теңгеге 200 орындық мектеп ғимараты, Рабат ауыл округіне қарасты Амангелді елді мекеніндегі Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің жанынан 80 млн. теңгеге 6 сыныптың ғимараты, Жігірген ауыл округі Шақпақ елді мекеніндегі «Шақпақ» бастауыш мектебі жанынан 140 млн. теңгеге 6 сыныптық жаңа ғимарат, спорт зал, асхана салу жоспарланып отыр. «Жол картасы» бойынша «Шарбұлақ» жалпы орта мектебіне облыстық бюджеттен 27 млн. 705 мың теңгеге, Қ.Әбдалиев атындағы жалпы орта мектепке аудандық бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарына 30 млн. теңге, аудандағы мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 16 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік білім бағдарламасы талаптарына сай 2008 – 2010 жылдары мектептердің материалдық базасын жақсарту мен жаңартудың жоспары жасалынып, біртіндеп кезең – кезеңімен іске асырылуда. Аудан мектептерінде 1318 дана компьютер, яғни бір компьютерге 20 оқушыдан келеді. 33 мультимедиа кабинеті, 7 мектепте 32 интерактивті тақта, 37 қашықтан оқыту ,10 мектеп Интернеттің АDSL жүйесіне қосылған.26 физика , 19 химия, 21 биология кабинеттері қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Биылғы 2010 жылы Республикалық трансферт және облыстық, аудандық бюджет есебінен 10 мектепке 122 компьютер, 5 мектепке физика, 14 мектепке қашықтан оқыту, 3 мектепке мультимедиа, 5 мектепке химия, биология кабинеттерін, 6453 парта, 182 тақта алу жоспарланған. 2009-2010 оқу жылында аудан мектептеріне республикалық трансферттен және жергілікті бюджет есебінен 79 мыңға жуық оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар алу үшін 52 млн. 46 мың теңге қаралған. Оқушылар оқулықтармен - 97 пайыз , оның ішінде күн көрісі төмен отбасы балалары 100 пайыз оқулықпен қамтамасыз етілді. Жас ұрпаққа сапалы білім ,саналы тәрбие берудің деңгейі ең алдымен мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, оның іс – тәжірибесінің шыңдалуына байланысты. Қазығұрт аудандық білім беру мекемелері бойынша 2009-2010 оқу жылында 2995 педагог кадрлар бар , оның 2820 мұғалімдер, мектепалды дайындық сыныбы және интернат тәрбиешілер саны 175. Педагог кадрлардың жоғары білімдісі 2882 - 96,2%, арнаулы орта білімдісі 113-3,8 % Олардың жоғары санаттысы 380, бірінші санаттысы 763,екінші санаттысы 950, санаты жоқтар 902. «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» мақсатында аудан әкімдігі, аудандық ішкі істер бөлімі және аудандық білім бөлімі тарапынан жылдық жоспар жасалып, жоспар бойынша іс-шаралар атқарылуда. Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназияда «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рахметуллин Абай Жамбылұлымен кездесу өтті. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттердің алдын –алу, қараусыз қалған балалардың есебін жүргізу, оның себептерін анықтау, есірткі заттары мен нашақорлыққа салынудың алдын – алу мақсатында ата – аналар, жұртшылық және қоғамдық ұйымдармен пәрменді шаралар атқарылуына қарамай, жасөспірімдер арасында қылмыс жасау фактілері кездеседі. Аудандық ішкі істер бөлімінде бүгінгі таңда 13 оқушы есепте тұрады. Ақпан айының 17,18,23 күндері мектептерде «Тәрбиелік топ» мүшелерімен кездесулер өткізілді. 2009-2010 оқу жылының І жартыжылдығында оқу-тәрбие процессі қортындысының балдық көрсеткіштер жиынтығының рейтингісі шығарылды. Алғашқы орындағы 5 мектеп ұжымы марапатталып, соңғы орындағы 5 мектеп басшыларына тәртіптік шара көрілді. Алдағы мерзімде осы соңғы тестің қорытындысында жіберілген кемшіліктер бойынша пән мұғалімдеріне қосымша сабақтарды ұйымдастыруда, мемлекеттік білім стандартындағы көрсетілген оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне жетуін меңгертуде әдістемелік көмек беріледі. ҰБТ-ға дайындауда деңгейге бөліп оқыту қолға алынып ол өзінің оң нәтижесін беруде. >Қызметкерлер
Байланыс ақпараты Мекен-жай ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі, 95 |
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |